САУРАН: ТҰРАҚТЫ 100 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

0
111

«Amanat» партиясы Сауран ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындау жөніндегі жол картасысының Кәсіпкерлік және
туризм бөлімінің 2021-2025 жылға дейін лайықты жалақы және жұмыс орындарын құру жоспарлаған болатын. Осыған орай ағымдағы жылы, тұрақты 100 жаңа жұмыс орнын ашуға, жалақыны 119 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өсіріп, жұмыссыздық деңгейін 5,2%-дан 4,9%-ға төмендетуге қол жеткізу бекітілген.

Осы орайда Иассы ауылдық округте жеке қаражат есебінен кәсіпорын ашылуына байланысты тұрақты түрде 100 адам жұмыспен қамтылды. Сауран ауданы бойынша орташа жалақы 155 273 теңгені құрады. Аудандағы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру арқылы қолдау көрсету жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жол картасының 17 тармағында, “2025 жылға дейін жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлер санын 3.7 мыңнан 3,9 мыңға жеткізіп, ондағы жұмыскердің санын 5,7 мыңға жеткізу”
Сауран ауданы аумағында шағын орта кәсіпкерлер саны ағымдағы жылдың 1 мамырындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес 5,1 мың, жұмысшылар саны 7,4 мыңға жетті.

Жол картасының 19-шы тармағында Жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 5 азаматқа грант ұсыну жоспарланған. Сондай-ақ «Жас кәсіпкер» жастар бизнес бастамаларының бағдарламаларын іске
асыруға және жыл сайын кемінде 5 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдесіп жас кәсіпкерлер санын ұлғайту жоспарлануда.Сонымен қатар Қасиетті және көрікті жерлерге өлкетану экспедицияларын жүргізу, аудан және ауылдардың қасиетті жерлерін көгалдандыру, кәсіпкерлердің көмегімен
сервистік қызметтерді дамыту мақсатында Республикалық “Turism tv”, облыстық туризм басқармасы және Сауран ауданының мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен туризм саласының
дамуына үлес қосу үшін Ескі Сауран қалашығының басында киіз үй тігіліп, телеарналарға видео түсірілімдер жүргізілді.

Ескі Иқан ауылдық округінде Жүсіп ата кесенесінің аумағында “Сапар орталығы” музей құрылыс жұмыстары аяқталуда және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетерлік жайт, ауданның барлық сауда объектілерінің 2022 жылы I тоқсаны бойынша аудандағы сауда объектілерінің 50% қолма-қол ақшасыз “электронды” айырбастауға көшті.

Leave a reply