Лимоннан миллионға

0
111
Сайрам ауданы әкімі Ұ.Сәдібеков Қарасу ауылдық округіндегі «Асылжан и К» ЖШС-і жылыжайының жұмысымен танысты.
Шаруашылықтың басшысы Абай Үсенов көкөніс да-қылдарын өсірумен шұғылданады. 2017 жылы 30 соттық жерге «Ташкент» сұрпының 300 түп лимон көшеті отырғызылған. Жылыжайда 15 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер жылыжайды іске қосуға 115 млн. теңге қаржы жұмсаған. Бұдан бөлек, ашық суармалы жерге 2,8 гектарға картоп өсіріледі.
Өткен жылы Қарасу ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында қызанақ және қияр өсіретін «Валиев» жеке кәсіпорнының жылыжайы жұмысын бастады. Кәсіпкер Валиев Селимханның айтуынша, 5 гектар жерде ол кәсібін дөңгелетіп келеді. Осы жердің 60 соттық бөлігі жылыжай, қалған 2,5 гектары ашық суармалы жер. Жылыжайда қиярдың «Семеренко» сұрпы егілген. Келесі айналым «Умагна» голландиялық сұрпының 13 мың түп қызанағы егілді. Жақында ол жемісін бермек.
Ал, ашық суармалы жерге картоп, қияр, қызанақтың бірнеше сұрпы, болгар бұрышы, жүгері, қарбыз өсіруде.
Кәсіпкер шаруашылығын дамытуға 120 млн. жуық қаржы жұмсаған. Шаруашылықта 25 адам жұмыспен қамтылған.

Leave a reply