ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА 300 ТҮП АҒАШ ӘКТЕЛДІ

0
80

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығында Жетісай қаласында орналасқан Орталық саябақта тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылды. Сондай-ақ, 300 түп ағаш әктеліп, тұрғындарға кедергі келтіретін ағаш бұтақтары ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 1 шақырым жаяу жүргіншілер жолын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Шараға ерікті жастар, қоғам белсенділері және тазалық жұмысына жауапты мамандар мен техникалар жұмылдырылды. Акцияға жалпы 120 азамат қатысты. Жетісай ауданында акция аясындағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру үшін жұмыс жоспары бекітіліп, түрлі тақырыптарда сенбіліктер, плоггингтер ұйымдастыру жоспарлануда.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қоғамның саналы және азаматтық жауапкершілік танытқан барлық топтарын жұмылдырды. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтау әдеттерін қалыптастыратынына сенімдімін. Әрине, бұл қасиеттер адамгершілік келбетін сипаттайды. Адамзат табиғатпен және жердегі барлық тіршілікпен байланысты. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек. «Таза Қазақстан» экологиялық челленджі – осындай қадамдардың бірі. Жақсы дәстүрлер жас ұрпаққа сақталуы және берілуі керек, ал табиғатқа деген ұқыптылық балабақшадағы балаларға сіңірілуі керек. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқын алуда. Әр елдімекеннің тазалығы тұрғындардың қатысуына байланысты, өйткені әр көше, әр үй, әр аула сіздің ауылыңыздың, қалаңыздың және ауданыңыздың айнасы.

Leave a reply