САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
150
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Сарыағаш ауданы бойынша филиалымен бірлесіп «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Талипов, аудан прокуроры Н.Қосбаев, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы А.Мусабеков, аудандағы уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары және аудандағы кәсіпкерлер қатысты.
Күн тәртібінде аудан аумағындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың тиімділігі, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзудың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және нәтижелері, аудандағы кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Бигабулов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Н.Бексеитов, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімі басшысының орынбасары А.Алтенова, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызмет бөлімшесінің басшысы К.Миркасов баяндама жасады.
Сонымен қатар, өткізілген жиын барысында кәсіпкерлер күнделікті кездесетін мәселелер туралы айтып, құқық қорғау органдары мен сала басшыларына өзекті сұрақтарын қойды.
Тиісінше кәсіпкерлер көтерген әрбір мәселе бойынша, қанағаттанарлық жауаптар беріліп, жауапты лауазымды тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

Leave a reply