ТҮРКІСТАН: САУРАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

0
74

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Сауран ауданында түрлі спорттық нысандар бой көтеруде. Соның бірі – Шорнақ елді мекенінде құрылысы басталған спорт кешені. Онда бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес, тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілер мен бапкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы 1 гектар аумақты қамтитын орталықтың құрылысын «Дос и К сервис» ЖШС-і жүргізуде. Жоспар бойынша нысан 2025 жылы пайдалануға берілмек.

Leave a reply